Абай облысының тұрғындары бірыңғай уақыт белдеуі туралы пікір айтты
Үйренуге, бейімделуге болады.
Абай облысының тұрғындары бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты осындай пікір білдірді. Олардың пікірінше, мұның тиімділігі көп. Көптеген салаға септігін тигізеді. Әсіресе таңмен таласа тұрып, балабақша мен мектепке баратын балалардың денсаулығына оң әсер етеді. Өңірдегі әріптесім тұрғындардың көзқарасын білген еді.
БЛИЦ:
- Батыс пен біздің аймағымызда уақыт белдеуі екі түрлі болғандықтан қазір енді елімізде теңестіріп жатқанымызға өте қуаныштымыз. Себебі біздің аумағымызда бір сағат артқа жылжиды. Сол себепті бұл біздің көп балалы аналарға, мына жол жүретін азаматтарға, әсіресе бизнесі бар азаматтарға өте ыңғайлы болды.
- Әр нәрсеге де үйренуге болады ғой, қалыптасуға болады. Енді бұрын менің бала кезімде де, Совет үкіметі кезінде тоже уақыт өзгертетін. Көктемде, күзде. Онда тұрған ештеңе жоқ сияқты. Үйреніп алуға болады.
- Мемлекеттік қызметкерлер үшін де осындай жұмыскерлерге өте қолайлы деп есептеймін. Себебі кішкене отбасылық жағынан болса да, таңертең балаларын садикке апару жағынан болса да кішкене үлесін қосады деп ойлаймын.
- 29 ақпан төрт жылда бір рет келетін уақыт. Уақыттың өзгергеніне өте қуаныштымын. Қосыламын да. Өте тиімді. Балаға да, үлкенге де. Балабақшаға баратынға да, мектепке баратынға да.
- Көп балалы анамын. Алты балам бар. Бесеуі сабаққа барады. Біреуі садикке барады. Кішкентай баламызға жақсы енді. Ұйқысын қандырып, бір сағат артқа қалдырып. Солай барамыз сабаққа. Жұмысымызға кешікпей барамыз. Ұйқымызды қандырып.