Көкшетауда Асқар Забикулинге ескерткіш қойылды
Өрт сөндірушінің мүсіні орталық саябаққа орналастырылды.
Ескерткіштің ашылу салтанатына құтқарушының жақындары мен өрт сөндірушілер, азаматтық қорғау академиясының курсанттары қатысты. Жиналғандар Асқар Забикулинді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Еңселі ескерткіштің биіктігі 4 метрге жуықтайды. Еске салайық, Асқар Забикулин Астанада өрт болған үйден үш адамды құтқарып қалған. Денесінің 80 пайызын күйік шалып, өзі ауруханада көз жұмды. Офицердің артында жары мен екі баласы қалды.
Елдар Забикулин, А.Забикулиннің ағасы:
- Бәріміз өте қуаныштымыз. Астанада да қойылды. Көшелерде беріліп жатыр. Филім де түсірілді. Часттің атын да берді. Ауылымыздағы мектептін атын берейін деп жатьр. Асқарымыз енді батыр ғой, қаһарман. Алдағы жасөспірімдерге үлгі. Ұмытпасын, бізде әрқашан ұмытпаймыз. Мақтанамыз.