Жер сілкінісі туралы ақпарат

Бүгін түнде Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде эпицентрі Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан жер сілкінісі тіркелді.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Министрліктің мәліметінше, Алматыда  5 балл, Шымкентте 2 балл дүмпу болды. Жер сілкінісі Астана, Алматы қалалары, Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында сезілді. Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының базасында Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен азаматтық қорғау қызметтерін тарта отырып, республикалық жедел штаб құрылды. Министрдің тапсырмасы бойынша күштер мен құралдар жоғары дайындыққа келтірілді. Қырғызстан және Өзбекстанда да жер сілкінісі тіркелген.

Дәулет Сәрсенбаев, ұлттық сеймологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының басшысы:

- Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына таяу арада қуатты жер сілкінісі болмайтынын ескерткім келеді. Қаланың, Алматы және Жетісу облыстарының тұрғындары сезген дүмпулер – Қытай Халық Республикасы және Қырғызстан Республикасы аумағында болған қуатты жер сілкінісінің салдары. Орталық Азияның барлық елі – Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан мемлекеттерінің халықтары бұл дүмпулерді сезінді. Қазіргі уақытқа дейін оннан астам афтершок тіркелді. Олардың ішінде тек екеуі бізге жетті. Бұдан кейін сейсмикалық қозғалыстар азаяды. Алаңдауға ешқандай негіз жоқ.