ІІМ: Жалған ақпарат таратқандар жазаланады

Алматыдағы жер сілкінісінен кейін желіде фейк ақпарат көбейді.

Сондықтан Ішкі істер министрлігі жалған мәлімет таратпауды, дүрбелең мен үрей тудырмауды сұрап отыр. Тіпті, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске салады. Азаматтарды ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырып, тек ресми дерек көздеріне сенуге кеңес береді.