Қонаевта құрылыс сапасы тексеріледі
Алматыда облысында іргетасы қаланған және жаңадан салынатын ғимараттардың жер сілкінісіне төзімділігі тексеріледі.
Қазір аймақта 655 нысан бой көтеріп жатыр. Олардың сапасы қалай бақыланады?
Қонаев қаласы құмдауыт, жазықты жерде орналасқан. Шаһарда жер асты дүмпуі дәл Алматыдағыдай қатты сезілмегенімен сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады. Сондықтан әр ғимараттың құрылысы нормаларға сай салынуы тиіс. Мысалы соңғы екі жыл ішінде Қонаевта 900 орындық мектеп пен бірнеше тұрғын үй кешені бой көтерді.
Ғабиден Өзенбаев, Алматы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы:
«Құрылысы нормалары заңға сәйкес салынып жатыр. Бұлардың барлығын ай сайын мониторинг жүргізіп отырамыз. Арыз-шағым түскен жағдайда тексеру тағайындап, құрылысы тексерілетін болады».
Былтыр облыста заңсыз құрылыс жүргізу фактілері көп анықталды. Жеке және заңды тұлғаларға қатысты 700-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды.
Ғабиден Өзенбаев, Алматы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы:
«Барлық нысандарға байланысты. Мысалға, коммерциялық нысан болсын, мемлекеттік нысан болсын мемлекеттік сараптамадан өтпей жұмыс жобасы басталып кеткен нысандар сол жерде анықталып, біздің инспекторлармен анықталып сол жерде айыппұл салынып, ұйғарылым беріліп, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 140 млн.айыппұл салынды».
Қазір облыс орталығында іргетасы 1950-60 жылдары қаланған 25 үй бар. Тозығы жеткен үй иелерін көшіру былтыр басталды. Биылдың өзінде Соболева мен Графтио атындағы көшелердегі 13 үйдің тұрғындарына басқа баспана берілмек.
Ақерке Жұмағазықызы, қала әкімінің баспасөз хатшысы:
«Ол үйлер сүріліп, орнына басқа үйлер салынады. Ал тұрғындарға жалпы осы қалад салынған басқа да көпқабатты үйлерден пәтерлер алынып беріліп жатыр».
Облыстық құрылыс басқармасының дерегіне сәйкес облыста 655 нысан салынып жатыр. Жер сілкінісіне байланысты жобадан ауытқу болған жоқ. Бірақ 40-тан астам нысанда жарықшақ пайда болған. Осыған байланысты барлық ғимаратқа техникалық тексеру жасалады.
Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев