Шығыстағы халық Алматы-Өскемен жүрдек пойызын қайтаруды сұрап отыр
Шығыс қазақстандықтар Алматы-Өскемен жүрдек пойызын қайтаруды сұрап отыр.
Бүгін олардың өтінішін сенатор Ольга Булавкина жеткізді. Оның сөзінше, қазір аймақты ірі мегаполиспен Алматы-2-Өскемен-1 бағытындағы жалғыз пойыз жалғап отыр. Бірақ оның бүгінгі күйі көңіл көншітпейді. Ал жолаушылар діттеген жеріне жету үшін 27 сағаттап жүреді екен. Бұған дейін қатынап жүрген «Тальго» пойызы жолаушылар ағынының аздығына байланысты бағыттан алынып тасталған екен.
Ольга Булавкина, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Кішкентай балалары бар ата-аналар, студенттер, денсаулығында кінараты бар адамдардың қазір діттеген жерлеріне жетуі үшін лас, ауасы тар вагондарда отыруына тура келеді. Ал Алматыға апарар тас жол ұзақ жылдан бері жөндеуден өтіп жатыр. Сондықтан авткөлікпен де жету қиын. Қыс мезгілінде мүлдем мүмкін емес.