Шекара асқан отандастырымыздың құқығын қорғау күшейтілді
Күнкөріс қамымен шекара асқан отандастырымыздың құқығын қорғау күшейтілді.
Ол үшін еңбек көші-қоны саласында 10 мемлекетпен келісім жасалған. Онда қазақстандықтардың шетелдегі еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету тетіктері қамтылған. Бұл жайлы Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев мәлімдеді. Айтуынша, алда азаматтарымызға Оңтүстік Кореяға 3 жылға жұмысқа баруға рұқсат беру жоспарланып отыр.
Айта кетейік, қазір 200 мыңға жуық қазақстандық өзге елдерде еңбек етіп жүр. Екі қолға бір күрек іздегендер Ресей, Польша, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания секілде ердерге қоныс аударған көрінеді.
Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы:
- Қазақстанда Оңтүстік Кореяда жұмыс істеуге рұқсат беру жүйесін еңгізу бойынша тиісті шаралар қабылдануда. Ағымдағы айдан бастап сапарға дейінгі орталғын құру жұмысы басталды. Орталықтың негізгі міндеті Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасқылы келетін үміткерлерге тілдік курстарды оқыту, корея тілін білуге тестілеу біліктілігін арттыру.