Елде алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады
Синоптиктер мұны солтүстік-батыстық циклонмен байланыстырып отыр.
Айтуларынша, циклон әсерінен солтүстік өңірлерде қар, ал оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жауады. Бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді. Оңтүстіктің таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал,-дейді мамандар. Алайда ауа температурасында айтарлықтай өзгеріс болмайды.