Түлектердің 82,8% пайызы жұмыспен қамтылды

Түлектердің 82,8% пайызы жұмыспен қамтылды

Былтыр Жоғары оқу орындары түлектерінің 82,8%-ы жұмыспен қамтылды.

Алдыңғы жылмен салыстырғанда орташа өсім 3,3%. Әрбір бітіруші орта есеппен 3 айға жуық мерзімде жұмысқа орналасса, сұранысқа ие мамандық иелері 1 ай ішінде штатқа қабылданған. Түлектердің медианды жалақысы 2021 жылғы 114 мың теңгеден 2023 жылы 168 156 теңгеге дейін өскен. Былтырғы дерек бойынша, жұмысқа орналасқан түлектер үшін ең жоғары жалақы денсаулық сақтау саласында болса, ең төмені ауыл шаруашылығы саласында екені анықталып отыр. Ғылым және жоғары білім министрлігі елдегі жоғары оқу орындарының жыл сайынғы рейтингін жариялап, білім беру бағдарламаларын бағалады. Негізгі көрсеткіштер: түлектердің мансаптық перспективалары, сапа, білім алушылардың жетістіктері, білім бағдарламаларының мазмұны назарға алынған.

Азамат Бейсенбенов, «АТАМЕКЕН» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту департаментінің директоры:

- Рейтинг аясында 2090 білім беру бағдарламасы бойынша 121 рейтинг қалыптастырылды. 100 235 түлек деректері талданды. Білім беру бағдарламаларының өзектілігін бағалау үшін тиісті салалардан еліміздің әртүрлі өңірлерінен 190-нан аса сарапшылар жұмысқа тартылды. 00-15-51 Ең жоғары жұмысқа орналасу деңгейі Алматы облысы (91%) түлектерінде, ал ең төмен жұмысқа орналасу деңгейі Жамбыл облысы түлектерінде (74%) анықталды. Ал Ұлытау облысы, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Атырау, Алматы облысы және Алматы қаласында түлектердің жалақылары жоғары.