Талдықорғанда газ қолдану талаптары түсіндірілді
Былтыр Жетісу облысында газ қоспасы мен баллоны 5 рет жарылды.
10 адам түрлі жарақат алып, біреуі көз жұмған еді. Қауіптің алдын алу үшін Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арнайы рейд өткізіп, пәтерлерді аралап шықты. Себебі Талдықорғанда 800-ден аса көпқабатты үйдің 300-ге жуығы табиғи газға қосылмаған. Яғни тұрғындар электрлі плита мен газ баллондарын пайдаланып отыр. Бұдан бөлек жеке сектор иелеріне де қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Елена Крапачева, қала тұрғыны:
- Екі кішкентай балам бар. Оларға газға жоламау керектігін отмен ойнамау қажеттігін айтып отырамын. Өзім де қолданып болған соң жауып қоямын. Табиғи газға қосылуға қаржылық мүмкіндігім жоқ.
Еламан Әубәкіров, Жетісу облыстық ТЖД аға инженері:
- Газ баллонды екі қабаттан жоғары тұрғын үйлерде қолдануға болмайды. Тыйым салынған. Содан кейін газ баллонды жер үйде тұратын кісілерге суықтан алып жылы жерге, пештің қасына не жылы суға қоюға болмайды. Өйткені қысымы өзгеріп жарылыс болып жатады. Негізгі жеке тұрғын үй мен арнайы улы газдарды анықтайтын датчиктерді орнату керек болады.