Тараз-Шымкент бағытында жол жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты қазір Тараз-Шымкент бағытында жол қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды 24KZ.
Нақтырақ айтқанда, Түлкібас ауданындағы Шақпақ баба мен Алматы-Ташкент-Термез халықаралық автожолы жабылды. Өйткені Түркістан облысы аумағында кешелі бері қалың қар жауып, таулы аймақтарда ақтүтек боран соғып жатыр.
Ал өткен түнде Қызылорда облысы бағытындағы «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар жолдың учаскесінде көліктің барлық түріне шектеу қойылды. Түні бойы 22 техника жолды қардан тазартып, таңертең қайта ашылды. Қазір полиция республикалық, облыстық маңызы бар жолдарда күшейтілген тәртіппен кезекшілік жасайды.
Алмасхан Тастанбеков, ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:
- Біздің облыстың өзінде Созақ-Шаян бағытымыз бар, ол жерде кеше жабылған, бүгін ашылды. Азаматар үйреніп қалған, бірақ бәрібір де барлық тұрғындарға ескертеміз. Жолдарда абай боу керек. Егер мұқтаж болған жағдайда көлікпен жүргенде жылдамдықты асырмау керек. Азаматтар түсіну керек, жолда барлық жерді тазалау мүмкін емес. Мейілінше төмен жылдамдықпен жүру керек.