ШҚО-да қос азаматтық алған шетелдіктер ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтық алған 60 шетелдік ұсталды.

Басым көпшілігінде жарамды қазақстандық және ресейлік төлқұжат болған.  Олар Ресей аумағына еркін еніп жүрген, ал Өскеменге ата-аналарына келгенде қазақстандық құжатты пайдаланған. Азаматтығын ауыстыру кезінде миграция қызметін хабардар етпеген. Енді көші-қон ережесін бұзғандар сотқа тартылып, 700 мың теңге әкімшілік айыппұл төлейді.

Асылан Ұлтанбаев, ШҚО ПД аға инспекторы:

- 2023 жылы азаматтығын жою туралы 587 дерек тіркелді. 59 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 9 адам елден шығарылды.