Тұран жолбарысын тірілткен шебер
Қазақтың сан ғасырлық музыка аспаптарын одан қалды әлемдік дүниелерді осы жерден көресіз.
Көресіз де таң қаласыз. Бұл он саусағынан өнер тамған шебер әрі өзі 60-тан астам аспапта еркін ойнайтын кәсіби музыкант Азамат Бақияныкң қолынан шыққан заттар. Өнер иесі 12 жасынан бері көне музыкалық құралдарды жасап ұлттық дәстүрді қайта жаңғыртып келеді. Бүгінде шебердің коллекциясында музыкалық аспаптардың 1600-ге жуық түрі бар.
Азамат Бақия, шебер:
- Бұл жерде саз сырнай аспабының 600 ден астам, түркітілдес халықтардың да кездесетін түрлері осы аспаптарды келген көрермендерге ойнап береміз. Саз сырнай аспабына әсіресе қызығушылық өте көп. Өйткені ол аспаптың пайдасы өте көп. Мына балалар ойнаған кезде қазіргі таңда моторика дейміз, кординация қолының дамуына, одан бөлек үрмелі аспап ол өкпеге пайдалы.
Азамат осыған дейін Ұлытауға ұларды шақырған болатын. Яғни ұлар құстың үніне ұқсайтын сазсырнай жасап, Ұлытау тауларындағы аршаларға іліп қойған. Ондағысы сазсырнайдың дауысы естілсе, ұлар құс мекеніне қайта оралар деген үміт. Айтқандай арша бұтақтарына ілінген аспаптар желдің лебімен ұлардың үнінен аумайтын дыбыс шығарып, төңіректі сазға бөлеп тұрады екен.
Ал қазір шебер бұрынғы Тұран жолбарысының дауысын салатын, қазір қолданыста жоқ аспапты қайта жасап шыққан. Ертедегілер мал ауылдан ауылға өтіп кеткенде, қамысқа кіргенде осы аспаптың көмегімен айдап шығарған. Бір қызығы, оның дауысы шыққан жерге жолбарыс та жоламайды деседі.
Азамат Бақия, шебер:
- Осы бір аспап доңыз қауақ деп аталады. Жолбарыстың дауысын салатын болған. Бұл ауылдан ауылға өткен кезде қамыс арасынан малды қайырған кезде жолбарыс адамда тартып кетпес үшін сол кезде қолданылады екен.
Қауақ деген кәдімгі өсімдік болады. Бетіне ешкінің шат терісі қапталады да ортасын тесу тәсілі де ерекше болады, жарылып кетпес үшін. Соның ішінен бір елі қыл шығады. Енді жалаң ойнаған қызық естілетін шығар дегенмен де шығармаларға қолданамыз бір нұсқансын хассақ этно-фольклолық ансамбіліне сыйға бердік.
Шебердің қазір шәкірттері де аз емес. Ұларға ұқсайтын сазсырнайды , доңыз қауақты, басқа да аспаптарды жасаудың қыр-сырын оларда меңгеріп жатыр. Алдағы 5 жылда шәкірттерім өзімнен асып түседі дейді өнер иесі. Сондай ақ ол көктемде Қуыршақ театрымен бірлесіп, «Ақсақ құлан, Жошы хан» қойылымын қойып, онда 500 ортекені бір уақытта ойнатып Гиннестің рекордтар кітабына енуді жоспарлап отыр.
Авторы: Әлішер Әли