Қос азаматтық алғандар жауапқа тартылды

Қос азаматтықа ие болу жағдайлары жиі кездеседі.

Кейінгі бес жылда 3657 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Дәлірек айтсақ 2019-шы жылы 449 адам ұсталып, оның 393-і айыппұл төледі. 56-сы елден шығарылды.  Ал 2020-сыншы жылы 585 адам жауапқа тартылған. 2021 жылы тіпті 2 есеге жуық көбейген. Нақтырақ айтсақ 1118 адам. Ал 2022 жылы 841, былтыр 2023-ші жылы 664 адам жауапқа тартылды. Оның 518-і айыппұл төлеп, 146-сы елден шығарылды. Айта кетейік заң бұзғандардың көбі Ресей азаматтығын қабылдаған адамдар.