Жамбыл облысындағы жол апатынан зардап шеккен 4 адам жансақтау бөлімінде
Жамбыл облысында болған ірі жол апатынан зардап шеккен 4 адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр.
Олардың бірі санавиациямен облыс орталығына жеткізілді. Жағдайы ауыр болғандықтан дәрігерлер операция жасамақ. Жалпы кеше 26 адам ауруханаға жеткізілген. Арасында иық буыны созылған бір жастағы бүлдіршін де бар. Ал Нұрлыкент ауылындағы жылыту пунктінің көмегіне 57 адам жүгінді. Қазір барлығы үйлеріне жіберілді. Болжам бойынша жол апатына тасжолда тайып кеткен жеңіл көлік себепші болған. Ізінше 25 машина бірінің артына бірі соғыла берген. Оқиғаға байланысты сараптама тағайындалды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Тараз - Шымкент бағытындағы жол жабылды.
Айнұр Оспанова, жолаушы:
- Түсінбей қалдық ұйықтап жатқанбыз. Бірден жүктер коробканың бәрі құлады да ішінде қалдық. Тұрамыз неғыламыз дегенше, не болды десек камаз келіп соқты, біз кінәліміз камаз деп сөйтті. Одан кейін әрі қарай білмейміз.
Толқын Өмірбаева, денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Амбулаториялық көмек көрсетілгендердің әр түрлі тізе қол аяқ кеуде қабырғалары сынған. Әр түрлі көгерген түрлі жарақаттар алған. Санитарлық авиация арқылы тиісті мамандар барып медициналық көмек көрсетті.