Алматыдағы 188 ғимаратта сызат пайда болғаны туралы арыз түскен

23 қаңтардағы жер сілкінісінен кейін Алматыдағы 188 ғимаратта сызат пайда болғаны туралы арыз түскен.

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәлімдеді. Аудандық әкімдіктердің жанынан құрылған комиссия ол нысандардың барлығын аралап шыққан. Оның айтуынша қабырғалардағы жеңіл жарықшақтар ғимараттың беріктігіне әсер етпейді. Адам өміріне қауіп төндірмейді. Оларды ағымдағы жөндеу арқылы қалпына келтіруге болады,-дейді Асқар Әмрин. Жуық арада Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандары 188 ғимараттың барлығына сараптама жасап, ресми қорытындысын жариялайды.

Асқар Әмрин, қала әкімінің орынбасары:

- Барлық жеке көпқабатты тұрғын үй кешендеріндегі сызат пен жарықшақ жеке қаражат есебінен жөнделеді. Ал қаланың әлеуметтік инфрақұрылымына кіретін ғимараттарға бекітілген тәртіп бойынша бірінші кезекте қаражат бөлінеді. Сол қаражатқа ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.