Еліміздің 6 облысында жолдар жабылды

Еліміздің 6 облысындағы республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді.

Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп. Қазавтожолдың хабарлауынша 8 жол учаскесі  жабылды. Атап айтқанда, Ақмола мен Қарағанды облыстарында «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» және Екатеринбург - Алматы», «Алматы-Ташкент-Термез», «Үшарал-Достық» және Ұлытау мен Қостанай облыстарындағы «Жезқазған-Петропавл» трассалары. Жолдарды тазартуға 542 техника мен 800-ден аса адам жұмылдырылды. Синоптиктер алдағы күндері де еліміздің басым бөлігінде қатты жел мен бұрқасын сақталатынын айтады. Осыған байланысты 12 облыста дауылды ескерту жарияланды.