Жүк тасымалдаушыларға шетелдік рұқсат қағазын берудің жаңа тәртібі енгізілмек
Елімізде жүк тасымалдаушылар үшін шетелдік рұқсат қағазын берудің жаңа тетіктері енгізілуі мүмкін.
Рұқсатнама қазақстандық тауар тасымалдаушы жүк көліктерінің шет елдерге кіруіне мүмкіндік береді. Жауапты ведомство қазір осы құжатты беру тәртібін қарастырып жатыр. Жауапты мамандардың айтуынша, бұған дейін жүйеде бірізділік болмаған. Сондықтан арнайы рұқсат қағазы «тістегеннің аузында» кетіп отыр. Ал жаңа жүйеде жемқорлыққа жол берілмейді. Сәйкесінше енді нақты тауар тасымалдайтын, көлігі бар азаматтарға ғана рұқсат беріледі. Талап бойынша енді рұқсатнама алғандар барған елінен 30 күн ішінде шығып кетуі тиіс.
Алтай Әлі, ҚР Көлік министрлігі Көлік комитетінің төрағасы:
- Бұл бланкілерді, мемлекетаралық келісімшартпен жүзеге асыралатын бланк бұл 42 елмен бізде сондай келісімшарт бар халықаралық. Соның нәтижесінде жыл басында әр мемлекетпен паритеттік мөлшерде бланкімен алмасып отырамыз.