Қазақстанға еңбек мигранты қай елден көп келеді?

Жұмыс іздеп елден шет жұртқа кетіп жатқандар көп болғанмен сырттан бізге келіп жатқандар да аз емес екен.

Білікті әрі сұранысқа ие мамандар келсе бірқатар жеңілдік бар.  Мәселен, олар үшін виза мен тұруға ықтиярхат алудың жеңілдетілген тәртібі енгізілді. Алайда жұмыс беруші мен шетелден келген маман үшін заң бірдей.

Лесбек Айдашев, ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

- Шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартқаны немесе ішкі істер органдарының беретін рұқсаттары жоқ шетелдіктердің еңбегін пайдаланғаны үшін ҚР әкімшілік кодексінің 519 - бабына сәйкес жұмыс берушілер әкімшілк жауапкершілікке тартылады. Ағымдағы жылдың қаңтар айында 104 жұмыс берушілер 519 - бабымен әкімшілік  жауапкершілікке тартылды. 

Еңбек мигранттарының бестігін Қытай бастап тұрса, одан кейін Өзбекстан, Үндістан, Түркия мен Ұлыбритания түйіндейді. Шетелден келетін жұмысшылардың көбі өндіріс, құрылыс, инженер, ауыл және орман шаруашылығында жұмыс істейді. 

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

Қытай  -  3903

Өзбекстан – 2  241

Үндістан – 1  296

Түркия  - 1279

Ұлыбритания – 910