Мотиватор тұрмыста зорлық көрген әйелдерге көмектесіп жүр
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген бар.
Әлеуметтік желіні ашып қалсаң, ақыл айтқыштарға жолықпауың мүмкін емес.
Иә, ақыл таратып ақша жасап отырғандар да баршылық. Бірақ өнегесімен өрге сүйреп жүрген азаматтарды да ұмытпауымыз керек.
Айсұлу Арғынова ерекше баланың анасы. Диагнозды осыдан 4 жыл бұрын білген. Мұндай жағдайды күтпеген әйел терең күйзеліске түсіп кетеді. Өзін бұл әлемде науқас баласы бар жалғыз жандай сезінеді. Сол тұста әлеуметтік желі арқылы елге белгілі қоғамдық қордың жұмысымен танысады. Тағдыры ұқсас жандардың игі ісі оның да өміріне оң ықпал етеді.
Айсұлу Арғынова, ерекше баланың анасы:
- Өте бір қатты жылдамдықпен біз өмір сүріп жатырмыз. Ақпарат өте көп. Ол ақпаратты біз анализдан өткізіп, оны практикаға айналдырам дегенше, бала-шаға бар, тамақ бар, сабақ бар деген сияқты. Оның бәрін алып кету өте қиын, бәрінің қолынан келе бермейді. Сол үшін сондай мотиваторыңыз болса, өзіңізге. Қай салада арманыңыз бар, сол салада уже жақсы жетістікке жеткен адамды тауып алсаңыз, оңайырақ болады.
Қазір Айсұлу қосымша мамандық игеріп, сүйікті ісімен айналысып жүр. Өмірден зәбір көрген өзге әйелдерге қолдау көрсетеді.
Айсұлу Арғынова, ерекше баланың анасы:
- Бұл мамандықты алып, өзіме қызық болды. Өзіме серіктестер тауып алдым. Олар маған мотивация берді. Қолдау білдірді. Сол кезден бастап осы жерде жұмыс істеймін, сонымен қатар басқа жобаларды өткіземін. Қазіргі жағдайым жақсы, бақыттымын деп айта аламын.
Көңілге зәру қоғамда өмір сүріп жатқанымыз рас. Жұмысбастылық ата-ана мен баланың арасын алшақтатып жіберді. Бұл бүгін пайда болған мәселе емес. Жастарды әлеуметтік желі тәрбиелейді. Құдды сырласы да, мұңдасы сол сияқты. Бірақ блогер-мотиваторлардың да назар үшін күресіп жатқанын ұмытпау керек.
Бекзат Ермекбаева, қоғамдық даму институтының сарапшысы:
- Әр азамат бәрін таразылап, жақсысын алып, жаманынан жирену керек деп ойлаймын. Бұның енді жақсы тұстары, әрине біз әлемдік өркениетпен хабардар болу, солармен тәжірибе алмасу, өзімізге керегін алу, ал екінші жаман тұстары, ол да бар. Одан жиренуіміз керек. Ол енді жастарымыздың ақыл-ой, сана сезіміне, одан кейін отбасында алған тәрбиесіне байланысты деп ойлаймын.
Ақыл айтқанның бәрі ақылды емес. Оның білімі жетіп тұрғанымен тәжірибесі кем болуы мүмкін. Сондай псевдомотиваторлардың кесірінен қаншама отбасы ойран болды, қаншама жас психологиялық күйзеліске ұшырады. Бірақ өнегелі өмірін желіде бөлісіп, көпке үлгі болып жатқандар да аз емес. Сонау Америкада кәсібін дөңгелетіп жүрген Ақжол Жұмағұл соған дәлел.
Ақжол Жұмағұлов, кәсіпкер:
- Маған адамдар ұнайды, которые с критическим мышлением, сразу бірдеңе айтсаң, сеніп қалмай, өзіңе сұрақ қойып, может былай эффективно болатын шығар деп совет беретін сотрудниктарды қатты ценю. Оларды мен стараюсь қатты продвигать. Солай Америкада күшті команда жинап ап, соған енді мәз болып жүрмін
Мамандар инфосығандардың торына түспеу үшін ішкі фильтрдың болғаны абзал дейді. Ең дұрысы, жақыныңнан адаспау.
Бекзат Ермекбаева, қоғамдық даму институтының сарапшысы:
- Сырттан мотивацияны іздеген дұрыс. Отбасымен талқылау керек деп ойлаймын. Сонда ғана бір нәтижеге жетеді деп ойлаймын.
Мерей Мұратханқызы, Жарқын Өрден