Депутат: 10-нан астам елді мекенде интернет жоқ
Шекара маңындағы ауылдарда жол нашар, су мен интернет жоқ.
Тіпті жұмыссыздықтың деңгейі жоғары. Сенатор Арман Өтеғұловтың айтуынша, жаппай қалаға көшуді тоқтату үшін ауылдардың жағдайын ретке келтіру керек. Мәселен, қазір шекара маңындағы 2 мыңға жуық елді мекенде 1 миллион 800 мыңға ғана адам тұрады. Аталған жерлерге инвесторларды тарту арқылы өндіріс қуатын ұлғайтып, ауыл шаруашылығын да жолға қою керек, - дейді депутат.
Арман Өтеғұлов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Аталған 7 ауданның 25 елді мекені ауызсумен толық қамтылмаған. Ауыл шаруашылығы саласына берілген субсидия мен микрокредиттер шекара маңындағы ауылдарды толық қамтымайды. 10-нан астам елді мекенде интернет мүлдем жоқ, ал электр энергетикасы жүйесінің тозу деңгейі 90%-ке жетіп отыр.