NO COMMENT: Антына адал құтқарушылар

Ақ қар, көк мұз да құтқарушылардың кәсіби қызметін атқаруға кедергі емес.

Табиғаттың тосын қылығына да тосырқамайтын олар қашанда антына адал. Тіпті, көмек сұраған жанға жәрдемдесу үшін өз өмірін бәйгеге тігетін сәттер де болады. Мәселен, Ақтөбелік ақ халаттылар науқасты ауруханаға жеткізу үшін 18 км жолды жаяу еңсерген. Олар ат құлағы көрінбейтін ақтүтек боранда жедел жәрдем көлігінің алдында жүгіріп отырып, жол нұсқаған. Ал өздері «Ерлік жасадық демейміз, қызметтік борышымыз», - дейді. Дәрігерлердің бұл әрекеті әлеуметік желілерде қызу талқыланып, көпшіліктің сүйіспеншілігін оятты.

Әли Ақдәулет - Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы