Еліміздің бірқатар өңірінде жол көлік қозғалысы қиындады
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде жол көлік қозғалысы қиындады.
13 өңірде республикалық маңызы бар автожолдардың 53 және облыстық маңызы бар 85 учаскеде көлік құралдарының барлық түрлері үшін жол жабылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерімен республикалық және облыстық жедел штабтар құрды. Психологтарды тарта отырып, «жедел желі» телефондарын іске қосты. Сондай-ақ, Астана қаласы әкімдігі мен Полиция департаменті жүргізушілерге жолда жүру ережесін қатаң сақтауға шақырады.
Гүлмира Шрахметова, қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің бастығы:
- Жүргізушілер жол ережесін сақтап, мұқият болуы жылдамдықты қалыпты ұстауы және маневр жасау ережелерін қатаң сақтауы қажет. Кенет тежеуден аулақ болған абзал. Жаяу жүргіншілерден тек белгіленген жерден кесіп өтулерін сұраймыз. Жүргізушілерден жаяу жүргінші өткелінен өтерде мейлінше қозғалыс жылдамдығын азайтуды және мектептердің жанынан жүргенде өте мұқитят болуды ескертеміз.