Петропавлда интернет-алаяқтықтың жаңа түрі белең алып барады
Енді қылмыскерлер баяғыдай банктен емес, ұялы байланыс операторының атын жамылып хабарласатын болған.
Олар тұрғындарға жеке номерінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін айтып, SMS арқылы келген кодты талап етеді. Сөйтіп, банк картасынан ақша ұрлайды. Кейбіреуі тіпті құқық қорғау қызметкерінің киімімен бейнебайланысқа шығатын болған. Өткен айда 40 адам осылардың арбауына түскен.
Әйгерім Әшкен, қалалық ПД жедел уәкілі:
- Петропавл қаласы полиция басқармасы ескертеді қала тұрғындарын. Интернет желісінде, әлеуметтік желілерде күмәнді мәміле жасамаудан бас тартуға, тауарды сатып алу-сату кезінде алдын ала ақша, төлем жасамауға, келіспеуге, бөтен адамдарға ақшаны аудармауға, банк картасының нөмірін, ПИН кодын сондай-ақ ұлялы телефонға келіп түскен құпия сөздерді ешкімге айтпауға ескертеді.