Семейдің «Ақшың» базарына қасақана от қойған болуы мүмкін
Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігі Семейдің «Ақшың» базарындағы өрттің ықтимал себептерін атады.
Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев қазір 3 нұсқа бар екенін айтты. Айтуынша, базарға қасақана от қойған болуы да мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпан күні Семейдегі сауда орталығынан өрт шығып, 6 мың шаршы метрден астам аумақ отқа оранған. Қазір арнайы комиссия оқиғаның себебін анықтап жатыр.
Марғұлан Аманбаев, Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары:
- Біріншісі, өрт электр сымдарының тұйықталуынан шығуы мүмкін. Екіншісі – қасақана өрт қою. Үшіншісі, сауда орталығында ток көздерінің сөндірілмей қалып қоюынан болуы мүмкін. Міне, осындай жұмыстар атқарылып жатыр.