Ақмола облысында су тасқыны қаупі бар аймақтар тексерілді. LIVE
Бүгін Ақмола облысы Аршалы ауданында су басу қаупі бар аумақтарды тексеру бойынша арнайы шара ұйымдастырылды.
Табиғи апат айтып келмейді. Дегенмен де, озық техникалардың көмегімен мамандар болжам жасай алады. Қазір Ақмола облысында су тасқыны қаупі бар аймақтарды тексеру бойынша қорытынды кеңес өткізілуде. Шараға Ақмола облысы мен Астана қаласының әкімдері, Төтенше жағдайлар министрі және арнайы мамандар қатысуда. Олар, тасқын суларды қабылдауға және өткізуге байланысты дайындығын пысықтап, қолда бар техниканы түгендеуде. Мәселен, облыста 2,5 мыңға жуық маман, мыңнан астам арнайы техника, 37 бірлік жүзу құралы бар. Одан бөлек, су тасқыны жағдайын бақылау үшін 66 гидро бекет қолданыста екен.