«Казкоммерцбанктен» ақша ұрлағандардан 45 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді
«Казкоммерцбанктен» ақша ұрлаған күдіктілерден 45 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді.
Оның ішінде 300 гектарға жуық жер телімі мен көліктер бар. Сот шешімімен мүліктің бәрі Алматы қаласы әкімдігінің балансына өтті. Бұл активтер «Казкоммерцбанкке» қатысты қылмыстық іс шеңберіндегі қаржылық тексеріс кезінде анықталған.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Келтірілген залалды өтеу мақсатында ҚР ҚПК 667, 668-баптарының тәртібімен іздеуге жарияланған тұлғаларға қатысты қылмыстық жолмен өндірілген мүлікті сотқа дейінгі тәркілеу көзделген. Қазіргі уақытта аталған активтер мемлекет меншігіне берілді, ал тәркіленуге жататын өзге де мүлікті іздеу жалғасуда.