Маңғыстау облысында жалған «мұғалімдер» анықталды
Маңғыстау облысында мектепте жалған дипломмен жұмыс істеген 3 педагог қызметтен қуылды, деп хабарлайды 24KZ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясы Түпқараған ауданында тексеру жүргізіп, білім беру саласында бірқатар заңбұзушылықты әшкереледі. Құзырлы орган мәліметінше, жоғары оқу орнын бітіргені туралы жалған құжатпен жұмысқа тұрып, бала оқытқандар Ақшұқыр мектеп-гимназиясы мен №1 мектеп-лицейдің қызметкерлері болып шықты. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 675 мың теңге көлемінде мемлекеттен заңсыз жолмен алынған жалақы кері қайтарылды.