Дүниежүзілік үкімет саммитінде қазақстандық жоба үздіктер қатарынан көрінді
Біздің елден барған делегация жиында «Отбасының цифрлық картасы» жобасын таныстырған.
Нәтижесінде отандық бағдарлама «Инклюзивті цифрлық трансформация» санатына лайық деген баға алды. Бұл толайым марапат мемлекеттік қызмет сапасының үздік екенін көрсетеді. Айта кетейік, бүкіләлемдік саммит Біріккен Араб әмірліктерінде өтті.