Алматы әуежайында 12 рейс ұша алмай отыр
Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Алматы әуежайында 12 рейс ұша алмай отыр.
Осыған орай әуе айлағының барлық қызметі күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады. Қар жауса болды қала көшелерінде кептеліс күшейеді. Сондықтан Полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жолда абай болуды ескертеді. Қардан кейін, алдағы 3-4 күн аяз қысады. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қауіпсіздік шараларын естен шығармауды сұрайды. «Аязда өрт шығу қаупі артады. Сол себепті электр құралдарын қолданғанда да сақ болған абзал. Оларды қараусыз қалдырмау керек», - дейді мамандар.