СҚО-да бие сүтін өңдеу зауыты салынады
Петропавл қаласында өткен халықаралық инвестициялық форумда осындай келісім жасалды.
Инвестициялық жобалардың арасында трактор, қоспа жем, ағаш өңдеу, кірпіш, саңырауқұлақ өндірісі мен заманауи тұрғын үй кешендері де бар. Форумға инвесторлар, орталық және жергілікті атқарушы билік өкілдері мен қаржыгерлер қатысып, облыстың инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар қайта өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс көрмесін тамашалап, жеке кездесулер өткізді. Шара соңында жалпы құны 130 млрд теңге болатын 14 құжатқа қол қойылды.
Ильдар Исмағұлов, кәсіпкерлік және ИИД басқармасының басшысы:
- Италиялық кәсіпкерлер азықтық ашытқы өндірісін ашуды жоспарлап отыр. Бұл малшаруашылығына керек өнім. Сонымен қатар жүк көтеру техникаларын құрастыру жөнінде келісім жасалды.