Өскеменде қоғамдық көлік қозғалысы қиындады
Өскеменде бүгін таңертең сынап бағанасы 37 градусқа дейін төмендеді.
Қақаған аяз қоғамдық көлік қатынасына кедергі келтіріп тұр. Мұндай суыққа техника шыдас берер емес. Сондықтан автобустардың 20-30 проценті желіге шықпай қалды. Бірінің жанармайы қатып жатса, енді бірінің есіктері істен шығып жол ортадан тоқтауға мәжбүр. Автопарк ұжымы көліктерді қайта-қайта жылыту тұрағына апарып, түрлі амал жасап әуре. Ал аялдамада жаураған халық көп. Кейбірі діттеген жеріне жету үшін автобусты жарты сағаттап күтуде. Салалық мамандар болса, тұрғындарға арнайы қосымша көмегіне жүгінуге кеңес береді.
Амантай Бақыт, Қалалық «Жолаушылар тасымалын басқару орталығының» директоры:
- Қазіргі таңда автобустардың жолға шығуы Өскеменде 65-56%-ті құрап отыр. Өскемен қаласының тұрғындарына бір жаққа шығуды жоспарлаған болса, Oskemen bus қосымшасы арқылы, сол қосымшаны қарап барып, аялдамаға шығуды сұраймын.