Әлеуметтік мекемелер жоспардан тыс тексерілуі керек
Сауықтыру лагерьлері мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернаттарға жоспардан тыс тексеріс жүргізілуі керек.
Мәжіліс депутаттары осы мәселені көтерді.
Сондай-ақ Дәулет Мұқаев нақты қандай ұйымдардың стационарлық типтегі интернаттық ұйымдарға жататынын ажыратып алуды ұсынды. Сауықтыру лагерьлеріне қатысты резонанстық оқиғаларды еске салған халық қалаулылары мұндай мекемелерге бақылауды қатаңдату қажеттігін ескертті.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
- Бірінші хабарлама береді бір ай бұрын. Оны жоспарға қосады. Сосын арнайы барады сол кезде ешқандай кемшілік таппайды. Бірақ дегенмен резонанстық оқиғалар болды. Бала өліміне қатысты. Соны болдырмас үшін біз арнайы хабарламасыз ескертусіз жалпы барып мемлекеттік бақылауды енгізуді ұсынып отырмыз. Осындай арнайы медициналық ұйымдарға барлық интернаттық ұйымдарға және лагерьлерге міндетті лицензиялау енгізуді осы нормамен қарастырып отырмыз.