Қызылордада 2681 адам үй кезегінен шығарылды
Көбінің әлеуметтік санаты өзгеріп кеткен.
Енді бірі өзге өңірге қоныс аударған. Сондай-ақ өз қаржысына баспана сатып алғандар бар. Жаңартылған кестеге сай, әлі 26 мыңнан астам тұрғын пәтер кезегінде тұр. Жергілікті билік алдымен жалғыз баспанасы апатты деп танылған 635 отбасын үймен қамтуды жоспарлап отыр. Пәтер жалдап тұратындардың ай сайын төлейтін ақшасы 4 санат бойынша субсидияланады.
Абзал Рысбек, қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы:
- 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі балалар немесе оларды тәрбилеп отырған отбасылар. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған отбасылар, көпбалалы отбасылар. Субсидия деген сөзіміз жалпы жалдап жатқан тұрғын үйдің 50 пайызын Отбасы банк арқылы субсидиялау көмегін пайдалана алады.