Майқайың кентіндегі ахуал
Павлодар облысының Майқайың кентіндегі сумен жабдықтау құбырындағы ақауды жою бойынша жұмыстар жалғасуда.
Бүгін өңір басшысы Асайын Байхановтың төрағалығымен жедел штабтың отырысы өтті. Қазіргі уақытта оқиға орнында 120 адам және 48 бірлік техника жұмылдырылған. Мамандар құбырдың әрбір учаскесін тексеріп, қатып қалған аумақтарды бу генераторларымен жылытуда. Әзірге Майқайың кентіне су төмен қысымда берілуде. Резервуарларда тұрақты түрде тәуліктік су қоры бар. Осы оқиға байланысты 23 ақпанда Баянауыл ауданының әкімдігі Майқайың кентінің аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдаған болатын. Сумен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары ақау толық жойылғанға дейін жүргізілетін болады.