Сарапшылар: Үкіметтік емес ұйымдарды одан әрі кәсібилендіру қажет

Үкіметтік емес ұйымдарды одан әрі кәсібилендіру қажет.

Сала сарапшылары осылай дейді. Елордада Мәдениет және ақпарат министрлігі мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Басқосу қатысушылары үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жетілдіру бойынша ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды. Соның ішінде әлеуметтік жобаларға еріктілерді тарту, ресурстарды басқару, ақпараттандыру және ашықтықты қамтамасыз ету тетіктері пысықталды.

Қазір елде 23 мыңнан астам қоғамдық ұйым бар. Оның 78% ғана белсенді жұмыс істейді.

Асылхан Көшкімбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі басқармасының басшысы:

- Үкімет оларға қандай көмек көрсете алады? Сол кәсіби біліктіліктерін арттыру мәселесі біраз талқыланды. Ұсыныстар жазылды. Бұл ұсыныстарды алдағы уақытта біздер ескеріп, жобаларды жасаған кезде мұның бәрін қосамыз.