Сәтбаевта 250-ден астам жеке үй қалалық кәріз жүйесіне қосылады
Сәтбаев қаласында 250-ден астам жеке үй алғаш рет орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады.
Бұл мақсатқа жергілікті және республикалық бюджеттен 640 миллион теңге бөлінді. Жоба бойынша кәріз суын тазарту қондырғысына шамамен 3 шақырым құбыр тартылады. Жалпы жүйені жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Қазір 200 шақырымнан асатын құбырдың 80 пайызы тозған.
Азамат Кенжалиев, Сәтбаев қаласы құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі:
- Ең бірінші проблема Шығыс ауданы болып тұр. Кәріз коллекторы жоқтығынан көп үйлер осы Шығыс ауданда. Сол себептен бірінші очередь осы жерді қарастырдық. Мердігермен 20 пайыз жұмыстар атқарылды. 2024 жылдың қыркүйектің соңына дейін жобаны аяқтау көзделіп отыр.