Антына адал, қызметіне берік
Былтыр бас қалада 4 мыңнан астам төтенше жағдай тіркелді.
Онда астаналық құтқару қызметінің мамандары қиындықта қалған 1000-нан астам адамды құтқарған. Айта кетейік, бүгін Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні.
Иісшіл ит, соңғы үлгідегі құрал-саймандар мен жеті қаруын сайлана асынған құтқарушылар. Бүгін бейбіт күннің батырлары Астана қаласында сап түзеді. Бұл жолы тығырыққа тірелген тұрғынға көмек көрсету үшін емес, көрмеге келді. Олар 1 наурыз - Дүниежүзілік азаматтық құтқару күні мерекесі аясында астаналықтарға кәсіби қызметтерінің қыр-сыры мен мән-жайын таныстырды.
Азамат Құсайынов, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті, Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:
- Биыл Азаматтық қорғаныс қызметіндегі инновациялық технологиялар ұранымен өткізіліп жатыр. Астана қаласының әкімшілігімен 1 наурыз - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніна атап өту іс-шаралар жоспары бекітілді. Төтенше жағдайлар кезіндегі адамдардың іс-қимылы, жан-жағындағы адамдарға көмектесуі, сондай-ақ, алғашқы көмектердің айла-тәсілдерімен төтенше жағдайлар қызметі бір ай бойы сабақ өткізіледі.
Былтыр бас қаланың құтқарушылары 314 мәрте адам жанын арашалаған. Олар апатты жағдайда қалған 600-ден астам адамды құтқарған. Алайда, антына адал, қызметіне берік кәсіп иелері, «Біз батырлық жасадық, көмектестік деп ойламаймыз. Бұл тек біздің міндетіміз»,- дейді. Солардың қатарында Азамат Бердіқұлов та бар. Ол он жылдан бері құтқару қызметінің сабында абыройлы қызмет атқарып келеді. Тіпті, өткен жылы Түркия мемлекетінде болған зілзалада жәбір шеккендерге көмектескен.
Азамат Бердіқұлов, Астана қалалық жедел құтқару жасағаның бас құтқарушысы:
- Бүгінгі мереке қарсаңында мына балаларға және жасөспірімдерге құтқарушылардың жұмысында күнделікті қолданатын құрал саймандарымызды көрсету мақсатында және жас балаларды осындай жұмысқа баулу мақсатында өзіміздің құрал саймандарымызды әкеліп, көрсетіп жатырмыз. Құтқарушылар осы құралдар арқылы күнделікті жұмыста адамдарды құтқаруға осы құралдар арқылы жұмыс жасаймыз.
Сондай-ақ, жыл басталғалы екі ай енді өтсе де, құтқарушылар 763 төтенше жағдайда 150-ден астам адамды құтқарып, эвакуациялаған екен.
Авторлары: Шернияз Жалғасбекұлы, Ақылбек Есімсейтов