Алматыда полицейлер күшейтілген режимге көшті
Алматыда полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.
2 мыңнан астам патрульдік инспектор мен учаскелік полицей, сонымен қатар жедел уәкілдер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылды. Олар қаладағы білім ордалары мен аурухана, емхана сияқты әлеуметтік орындарды ерекше бақылауға алатын болды. Департамент өкілдерінің мәліметінше, мегаполистегі жол қозғалысы реттеліп, кептеліс тарқаған. Ірі көшелердің қиылыстарында инспекторлар қызмет көрсетіп, көлік нөпірін реттеуге күш салып жатыр. Сонымен қатар жанармай бекеттеріндегі жағдай да бақылауға алынды. Мамандар жергілікті жұртты тек ресми ақпаратқа құлақ асып, дүрбелеңге салынбауға шақырады.