Таразда аналарға арналған акция өтті
Таразда Халықаралық әйелдер мерекесіне орай дағдарыс орталығындағы аналарға арналған акция өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Анаға тағзым орталығының мамандары қыз-келіншектердің жүздерін әрлеп, тегін шаш үлгілерін жасап берді. Жан жылытарлық шараға қатысқандардың бірі – Назира Шалақұлова. Ол 3 ай бұрын дағдарыс орталығына көмек сұрай барған. 6 баланың анасы психолог пен заңгерлердің кеңесін алды. Назира мереке қарсаңында әйелдерге әсемдік сыйлаған ұжымға алғысын айтып отыр.
Жалпы орталықта аналарға арналған қысқамерзімді 9 курс бар. Былтыр сол мамандықтарда 405 әйел оқып сертификат алған. Бүгінде олардың жартысы өз бизнесін бастаған. Сонымен қоса мекемеде көпбалалы отбасынан шыққан балаларға арналған 10 түрлі үйірме жұмыс істейді.
Назира Шалақұлова, көпбалалы ана:
- Бізді әрлеп, әдемілеген қыздарға рақметімізді айтамыз. Осы жерден курсқа қатысып, біздің де мамандық алуымызға болатындығын білдірді. Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Әр әйел, ана қандай жағдай болса да, бақытты болуға лайықты, қанша баласы болса да.
Гүлнәр Нарболдиева, «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының бөлім басшысы:
- Үйінде мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналардың өздері оқып, 1 ай тегін қысқамерзімді курсын бітіріп, сол аналардың өздері осы қуанышты сыйлап жатыр. Осы біркүндік акцияны. Орталықтың өзі осы категориядағы аналарға арналған ғой.