Таразда диаспора өкілдері қазақ тілінде ән шырқады

Облыстық «Ананың әні» байқауында қала мен 10 ауданнан келген 12 қатысушы бақ сынады.

Жарысқа өзбек, түрік, дүнген, орыс, күрд, әзербайжан мен татар ұлтының қыз-келіншектері қатысты. Конкурстың алғашқы кезеңінде қазақтың салт дәстүрінен бейнематериал көрсетті. Кейін мемлекеттік тілде ана туралы ән шырқады. Қатысушылардың арасында домбыра шертетіндер де бар. Жарыс қорытындысы бойынша Мойынқұмнан келген орыс қызы Ирина Хасанова жеңімпаз атанды.

Ирина Хасанова, жарыс жеңімпазы:

- Менің әжем болды. Ол мені кішкентай кезімнен өсірген. Өзім анасыз өскен қызбын. Сол себептен осы іс шара өзіме өте жақын. Осы жаққа келген себебім анашыма сағынышымды махаббатымды көрсетуім.

Мүбәрак Жинақбаева, Облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы:

- Мемлекеттің бірлігі, тірлігі, тұтастығы үшін мемлекеттік тілді осы Қазақстанды мекендейтін барлық этностардың білуі, құрметтеуі қажет. Сондықтан бүгінгі аналар кеңесімен бірлесе өткізіп жатқан мемлекеттік тілді ән арқылы үйренетін жоба «Ананың әні» байқауы осынысымен де маңызды.