Ақтөбе облысында жолды қар суынан тазартып жатыр

Республикалық маңызы бар А-26 «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автокөлік жолының 194 шақырымында қар еріп, жайылған судың ені 20 метрге, ал биіктігі 3-5 сантиметрге дейін жетіп қалды.

Бір өкініштісі, жоғарыда аталған аумақта су өткізуге арналған құбыр жоқ. Осыған байланысты топан судың алдын алу мақсатында уақытша арна қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 3 техника бірлігі мен 10 жұмысшы жұмылдырылды. Судың енін кішірейтіп, жол жиегін көтеру үшін 100 қап құм себілді.