Семейде үйлердің ауласын су басты

Семейде күн күрт жылынып, бірнеше жер үйдің ауласын су басты. 

Кешелі бері қала көшелерінен 1500 текше метрден астам су сорылды. Қаладағы қазіргі ахуал қандай?

Азамат Қасым, тілші:

- Қазіргі уақытта облыстың Төтенше жағдай департаменті мен қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Кеше Семейдегі бірнеше жер үйдің ауласына су кірген.

Пётр Брегида, қала тұрғыны:

 Жыл сайын осылай су басады. Үйімнің жанында арық бар. Су содан келеді. Биыл арықты ешкім тазалаған жоқ.

Азамат Орынбаев, Облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Қазір Садовая көшесінде жұмыс жүріп жатыр. Және де өткен түнде Садовая көшесінде орналасқан арық түбінде әскери бөлім қызметкерлерімен арықтар тазаланды. Жұмыстар жүргізілді. Өткен түнде департамент бойынша 12 адам, 7 бірлік техника жұмылдырылған болатын. Оның ішінде 4 мотопомпа, тасымал мотопомпалары да бар. Көп көлемде су тартатын мотопомпаларды қолданып жатырмыз. 2.20

Азамат Қасым, тілші:

- Өңірде күннің күрт жылынуынан Мақаншы ауданының Бақты ауылына да су жайылған.

Азамат Орынбаев, Облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Әкімшілікпен біздің төтенше жағдай қызметімен бірге суларды ауылдан ағызу жұмыстары жүріп жатыр өзенге қарай. Қазіргі таңда су басқан үйлер жоқ. Жұмыстар жалғасуда. Жалпы 130-дан астам адам жұмылдырылды.

Азамат Қасым, тілші:

- Төтенше жағдай мамандарының айтуынша, өңірде 38 елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл аумақта 10 мыңнан астам халық тұрады. Ал дәл қазіргі уақытта өңірдегі екі ауданда су тасу қаупі бар. Сондықтан Мақаншы мен Үржар аудандарына Семейден қосымша құтқару тобы жіберілген.

Азамат Қасым, Медет Өмірханов