Жетісу облысындағы жолдың 13 учаскесін су басуы мүмкін

Күн күрт жылынып кетсе, Жетісу облысындағы республикалық жолдардың біраз бөлігін су басуы мүмкін, деп хабарлайды 24KZ.

Аймақта қауіпті деген 13 учаске анықталды. Басым бөлігі – «Сарыөзек-Көктал» бағытындағы жол. Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жол бойындағы су өткізгіш құбырлар тазартылып жатыр. Сонымен қатар Қоңырөлең және Басши ауылдары маңында қар суын тоқтатып, ағысты сайға бұратын бір шақырымнан асатын арық қазылды. Күрежолдардағы көпірлер тексеріліп, қажетті материалдар әзірленді.

Жасұлан Қалтаев, «ҚазАвтоЖол» АҚ ҰК облыстық филиалы директорының орынбасары:

- Материалдар бойынша 10 дана металл құбырлар дайындалды. 400 куб құм, 40 куб қиыршықтас дайындалды. Сонымен қатар 500 дана қап дайындалды.