Елге ресейлік мұғалімдер келмейді

Ел аумағында Ресей салатын мектептерде ресейлік мұғалімдер жұмыс істемейді.

Барлық педагог өзіміздікі болады. Ал оқушылардың қай тілде білім алатынын Қазақстан өзі шешеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Осыған дейін жарияланған жалған ақпаратты Ресей тарапы өз сайттарынан да өшіріп жатыр. Көрші елдің бізге тегін мектеп салып беретіні рас. Бірақ нақты қай өңірде екені белгісіз. Дәл осылай Қазақстан да Түркия мен Әзербайжан елдерінде білім ошақтарының құрылысын жүргізіп жатыр. «Бұл – өзара келісімі бар елдер арасындағы халықаралық тәжірибе», – деді ресми өкіл.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Екі мемлекеттің басшыларының сапарлары кезінде талай талқыланды. Оның бәрі жазылды. Бірақ «мұғалімдер алып келеді» немесе «басқа педагогтар келеді» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Өйткені ол – жалған ақпарат.