Рудныйдағы электр желісі қалпына келді

Кеше Рудный қаласында электр желілерінде ақау шығып, төрт көшеде жарық сөніп қалған еді.

Салдарынан 6 мың абонент жарықсыз отырды. Қуат көзін қалпына келтіруге 4 сағат кетті. Рудный қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметі бойынша апатқа қалаға жарық беретін электр кабелінің үзілуі себеп болған. Қазір ақау шыққан аумақ қалпына келтірілді.