Жазушы Жұмабай Шаштайұлы өмірден озды
74 жасқа қараған шағында жазушы Жұмабай Шаштайұлы өмірден озды.
Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген қаламгер кезінде «Коммунизм жолы», «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде, «Жалын» журналында жұмыс істеді. «Қазақ тілі» қоғамының Алматы облыстық комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Кейін «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде істеп, «Заман-Қазақстан» газетінің, сосын Қазақ радиосының бас редакторы қызметтерін атқарды. «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактор болған.
Ол оқырманға «Қызыл қар» , «Жала мен нала», «Жыр жолбарыс», «Біздің заманның Аяз биі» , «Жаңғырық» шығармаларымен таныс. Ал көкжәшік телеэкран көрермендері оны «Үзеңгі жолдас» телехабары арқылы жақсы біледі.
Ол Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты, ҚР Президентінің стипендиаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты атақтарын иеленген.