Президент Ж. Шаштайұлының отбасына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұмабай Шаш-тайұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

«Жұмабай Шаштайұлы қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырып, руханиятымыздың дамуына елеулі үлес қосты. Шығармалары кеңінен насихатталып, оқырман тарапынан жоғары бағаланды. Оның есімі мен жарқын бейнесі, халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады» – деп жазылған жеделхатта.