Ұлттық құрылтайда руханият тақырыбы талқыланды

Атырауда Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтіп жатыр.

Келелі кеңестің алғашқы екі сессиясы аяқталды. Алқалы жиынға қатысушылар “Мәдениет, өнер, руханият" такырыбын талқылады. Жиында әдебиет пен қазақ киносының жай-күйі, тарихи орындарды қастерлеу сынды ұсыныстар да айтылды. Одан бөлек, құрылтай мүшелері лудомания мен діни теріс ағымдарға катысты алаңдаушылығын білдірді. Бұл мәселені заң тұрғысынан қатаң қадағалау маңызды. Ал екінші сессияда "Азаматтық қоғам" мәселесі жан-жақты сараланды. Қатысушылар омбудсмен құзыретін кеңейту керек деген пікір айтты. Сондай-ақ,әйел теңдігі мен адам құқығы тақырыбы да ортаға салынды. Айта кетейік, түстен кейін тағы екі сессия жоспарланған. Мұнда білім-ғылым және әлеуметтік сала сөз болады.