Ұлттық құрылтайдың алғашқы екі секциялық отырысы. LIVE
Атыраудағы ұлттық Құрылтайдың алғашқы екі секциялық отырысы аяқталды.
Басқосуда қандай тақырыптар талқыланып ұсыныстар көтерілді?
“Азаматтық қоғам” және “Мәдениет. Өнер. Руханият” секциясының отырысы аяқталды. Алқалы жиында құрылтай мүшелері фольклор, ұлттық құндылықтар, жат ағымның алдын алу мәселелері бойынша ұсыныстарын ортаға салды. ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин еліміздегі лудомания мәселесін көтеріп, оған заң жүзінде тезірек тосқауыл қою керегін айтты.
Сондай-ақ Жаңа Қазақстан құру жолында жүйелі жұмыстар жүргізілуі керек деген пікірлер айтылды.
Ермұрат Бапи, Ұлттық құрылтайдың мүшесі:
Алқалы жиында балалар әдебиетіне баса назар аудару керегі айтылды. Қазір балалар жазушысын табу қиын. Сондықтан оларды ынталандыру арқылы саладағы олқылықтардың орнын толтыру керек, дейді құрылтай мүшелері. Сондай-ақ киноиндустриядағы қордаланған мәселелер талқыланды. Құрылтай мүшесі Азамат Сатыбалды мемлекеттік кинотеатрлардың санын көбейтіп, сапалы туындылардың санын арттыру керегін айтты.
Асланбек Шығыр, тілші